• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/55

236 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 қаңтар, Астана қаласы Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Сарапшылық ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі ___________А. Исекешев ___________Е. Досаев 2015 жылғы 3 сәуір 2015 жылғы 3 наурыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығымен бекітілген Сарапшы ұйымға* қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Р/с № Біліктілік талаптар мыналардың болуын қамтиды Құжаттар Ескертпе 1 2 3 4 1 меншік құқығындағы немесе басқа заңнамалық негізде, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін мыналармен: меншік құқығын немесе басқада заңды негіздемелерді растайтын құжаттар көшірмелері өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы туралы қорытынды және санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды көшірмелері желдету жүйесімен (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65% + 2%, ауа температурасы 21 oС + 1 oС) өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттарының көшірмелері стандартты ауа райы жағдайында мақта талшығының сынамаларын жылдам желдету қондырғысымен (ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65 % + 2%, ауа температурасы 21 o С + 1 o С) түрін бекіту мақсатында сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген, керамикалық түс үлгілерінің жинағы, калибрлік эталондары бар өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесімен (НVІ типті) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізуді растайтын құжат көшірмесі, сонымен қатар тексеріс жүргізу қоры­тын­дысы (тексеру құрал­дарына және (немесе) пай­далану құжаттарына салынған сенім таңбасы, немесе құралдарды тексеру туралы сертификат) туралы құжат мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сонымен қатар осы қызмет түріне тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен беріледі мақта талшығының сынамаларын сақтауға арналған стелаждармен жарақтандырылған үй-жайының өтініш берушінің қолы қойыл­ған және мөрімен бекітіл­ген жиһаз (сөрелердің) тізімдемесi 2 мақта талшығын классерлік бағалау үшін меншік құқығындағы немесе басқа заңнамалық негізде өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына және мынадай көрсеткіштерге сай келетін: меншік құқығын немесе басқада заңды негіздемелерді растайтын құжаттар көшірмелері терезе ойықтары жоқ люминесценттік шамдардың классерлік үстелдерден орналасу биіктігі 2,5-3,0 метр классерлік үстелдің жұмыс бетінің жарықтылығы 500-1200 люкс мақта талшығының сыртқы түрінің стандартты үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген жиынтығымен және түрін бекіту мақсатында сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген микронейр көрсеткішін анықтауға арналған құралмен жарақтандырылған үй-жайының Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізуді растайтын құжат көшірмесі, сонымен қатар тексеріс жүргізу қортындысы (тексеру құралдарына және (немесе) пайдалану құжаттарына салынған сенім таңбасы, немесе құралдарды тексеру туралы сертификат) туралы құжат мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сонымен қатар осы қызмет түріне тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен берілед 3 тиісті арнайы білімі және өнімділігі жоғары өлшейтін автомат­тандырыл­ған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) қызмет көрсету жөніндегі бір жылдан кем емес жұмыс тәжіри­бесі бар, өнімділігі жоғары өлшей­тін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесіне (НVІ типті) функционалды және техникалық қызмет көрсететін білікті мамандардың штат кестесінен үзінді және өтініш берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте 4 тиісті арнайы білімі және мақта талшығының сапасын классерлік бағалау жөніндегі екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар мақта жөніндегі білікті сарапшылардың (классерлердің) 5 стандарттау жөніндегі техникалық регламенттердің және нормативтік құжаттардың ұйым стандартына сәйкес өтініш берушімен бекітілген стандарттар бойынша нормативтік құжаттар және технологиялық регламенттер 6 мақта талшығының сынамаларын мақта тазалау зауыттарынан жеткізу үшін көліктің болуын қамтиды меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын құжат көшірмесі *Ескертпе: сарапшы ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес мақта талшығы сапасына сараптама жасауды және мақта талшығы сапасының паспортын берудi жүзеге асыратын заңды тұлға. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11004 болып енгізілді.